Өткен аптада коронавирустан 57 қазақстандық қайтыс болды
Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 262 адам қайтыс болды
28 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 57 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда:
- Атырау облысында - 18;
- Алматы қаласы - 9;
- Павлодар облысында - 7;
- Батыс Қазақстан облысында - 5;
- Шығыс Қазақстан облысында - 5;
- Алматы облысында - 2;
- Қостанай облысында - 2;
- Қарағанды облысында - 2;
- Нұр-Сұлтан қаласында - 2;
- Шымкент қаласында - 2;
- Ақмола облысында - 1;
- Ақтөбе облысында - 1;
- Түркістан облысында - 1.
Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақтар бойынша 7 қаңтардағы бағалау матрицасы өзгеріссіз қалды. Кеше Атырау облысы Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған бірде-бір өңір жоқ.
«Сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.