08.01.2021, 16:20
Қоғам
Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады
Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады
Фото: tengrinews.kz
10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігі қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы 6.00-ден кешкі сағат 23.00-ге дейін қатынайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
11 қаңтарда қоғамдық көліктердің жұмысы әдеттегідей жалғасады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.
«Маска тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға маскасыз кіруге болмайды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтеді.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 09:44
«Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады