08.01.2021, 11:56
Қоғам
Египеттен келген қазақстандық азаматтан коронавирус анықталды
Ол 6 қаңтарда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген
көрнекі фото
7 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 15 халықаралық әуе рейспен 1 904 жолаушы келді. Шет елдерден келген 1 629 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, 275 азаматта тиісті анықтама болмаған.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 6 рейс (1 090 жолаушы, анықтамамен - 923, анықтамасыз – 167);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (644 жолаушы, анықтамамен - 536; анықтамасыз – 108);
- Қарағанды әуежайына – 2 рейс (9 жолаушы анықтамамен келген);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (88 жолаушы анықтамамен келген);
- Орал әуежайына – 1 рейс (73 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-тестен өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 6 қаңтарда шет елдерден ПТР-анықтамасыз келген 299 қазақстандық жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды. Ол Нұр-Сұлтанға Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) ұшып келген.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы