ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Түркістан: Ұлыбритания университетінің түлегі перзентханада «Nur Otan» партиясының бағдарламасын насихаттады

Дәрігерлер үміткердің бұл әрекетіне оң баға беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді

«Nur Otan» партиясының құрамында сертке адал, партиялық ұстанымға берік азаматтар ғана еңбек етеді. Солардың бірі – Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Динара Егамбердиева. Праймеризде топ жарып, партияның кадрлық резервіне енген Динара сайлау қарсаңында дүниеге бір батырды алып келді. 

Ел аманатын арқалап жүрген үміткер перзентін дүниеге әкеле сала перзентханада дәрігерлерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ақ желеңді абзал жандар өжет үміткердің бұл әрекетіне оң баға беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді. 

Түркістан облыстық партиялық тізімге енген үміткер Динара Егамбердиева 1988 жылы Ресейде дүниеге келген қандасымыз. Ұлыбританияның Ноттингем университетін тәмамадаған. Экономика және қаржы экономикасының магистрі. 

Партия үміткерлері қатарына енген ол Түркістан облысын дамытуды, жергілікті өзін-өзі басқару орындарының қызметін жақсартуды көздейді. Жалпы «Nur Otan» партиясы Түркістан облысының 16 аудан, қаласы және облыс бойынша 17 сайлауалды бағдарлама әзірледі. Бағдарламада өңірді дамытудың нақты тетіктері, жоспарлары бекітілген. 

Білікті, патриот үміткерлерден құралған «Nur Otan» партиясына дауыс бер!

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.