ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

«Жастар – отанға!» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

Бұл бағдарлама жастарға зор мүмкіндік береді

Әрбір мемлекетте дамудың негізгі қозғаушы күші – жастар. Елдегі оң өзгерістер қарқынын күшейту және оны әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына қосуда ең басты рөлді жастар атқарады.

2000 жылы 4 қаңтарда «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі бюросы отырысында партияның жастар қанатын құру туралы қаулы қабылдаған еді. Содан бері 20 жыл ішінде «Jas Otan» ЖҚ еліміздің жастар саясатының іргетасына, жастар бастамаларының ұйытқысына айналып, мыңдаған жас, өршіл азаматтардың басын қосып, дамуға жетелеп келеді.

Елбасының 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасымен, жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін 2025 жылға дейін жалғасатын «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленген еді.

«Жастар – Отанға!» бағдарламасы белгіленген бес бағыттан тұрады:

  1. Азаматтық белсенділік
  2. Сапалы білім
  3. Жұмысқа орналастыру жіне жұмыспен қамту
  4. Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана
  5. Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу

2025 дейін бұл бағыттардың жұмысынан күтілетін нәтиже:

  • жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуы артады;
  • қазақстандық білім беру сапасы оңтайланады;
  • жастар тиісті жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі;
  • жастар үшін баспана қолжетімді болады;
  • жастар үшін үздіксіз жаңа білімге деген ұмтылыс үйреншікті әдетке айналады.

Елдегі табысты өзгерістердің маңызды шарты – бұл азаматтардың, әсіресе, жастардың саяси-қоғамдық өмірге белсенді араласуы, сондай-ақ олардың ашық диалогқа шығу қабілеті мен ортақ мақсаттарға жету үшін күш біріктіруі. Бүгінгі таңда жастар өзінің азаматтық ұстанымын әлеуметтік желілер арқылы батыл түрде білдіреді, бірақ қоғамдық институттар жұмысына әркез белсенді қатысуға тырыспайды.

Бағдарлама – азаматтық белсенділік, сапалы білім, лайықты жалақысы бар жұмыс, қолжетімді баспана және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталып отыр. Сондықтан бұл бағдарлама еліміздің әрбір жас азаматы үшін өзекті деп білеміз.

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді