ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

ШҚО Абай ауданының тұрғындары нұротандықтармен кездесіп, проблемасын айтты

Жергілікті жұрт «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелердің шешілуімен қоса тың бастамаларды жүзеге асыруды күтеді

«Nur Otan» партиясының ШҚО Абай аудандық сайлауалды штабы мүшелері Қарауыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Азат Сарпеков, Шығыс Қазақстан облысының мәслихаты депутаттығына кандидат Айбек Нұғымаров және Абай аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерлан Лдибаев ауыл халқына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Тұрғындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау, аудан тұрғындарына аудан әкімінің оқу гранттарын қол жетімді жасау, жеке ісін ашуға талпынған ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несиелер мен гранттарды қолжетімді ету, медицина саласын дамыту сияқты көптеген мәселелерді қозғап, сұрақтарын қойды. Партиялықтар бұл сұрақтардың шешімі сайлауалды бағдарламада көрсетілгенін айтты.

Кездесу соңында, аудан тұрғындарының өтінішіне сәйкес кандидаттар қоғамдық қабылдау жүргізіп, аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер бойынша тілектер мен ұсыныстар жинады.

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді