«Nur Otan»: Жамбыл облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 93,3 мыңға ұлғаяды

Облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн кездесу өткізді

«Nur Otan»: Жамбыл облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 93,3 мыңға ұлғаяды

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бахадыр Хасанбаев ZOOM платформасында шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Кездесу барысында кандидат кәсіпті дамытуда партияның ықпалымен жүргізілген қолдау шаралары туралы сөз қозғады.

«Карантиндік шектеу шаралары аудан кәсіпкерлерінің жұмысына да өз әсерін тигізбей қоймады. Пандемия кезінде өңірде 17,4 мың адам мәжбүрлі демалысқа жіберілді. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында аясында шағын бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін қайтарымсыз грантқа 171 миллион теңге бөлінді. Төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімппұлдарды есептеуге мораторий енгізілді және зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерінің кредиттерінің мерзімі кейінге қалдырылды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай «Қарапайым заттар экономикасы» жоба аясында  жыл сайын 20 жоба қаржыландырылып, іске асырылады. Бұған қоса екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы» «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға несие беріледі. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес субъктілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өсетін болады», – деді кандидат.

Бағдарлама аясында ұсынылып отырған мүмкіндіктер кәсіпкерлердің көңілінен шығып, олар партияны қолдайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.