$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.01.2021, 03:28
Қоғам

«Nur Otan» партиясы тарих пен мәдениетті дамытуды қолға алады

Аудандық мәслихаттыққа кандидат сайлаушылармен кездесті

«Nur Otan» партиясы тарих пен мәдениетті дамытуды қолға алады

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық мәслихаттығына кандидат Мәкенова Бұлбұл Әнуарбекқызы «Есіктен есікке» акциясы аясында  сайлаушылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Үміткер сайлаушыларды «Nur Otan»  партиясына дауыс беруге шақыра отырып, бағдарлама жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

«Алдағы жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент мәжілісі, сонымен қатар облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттарды сайлау науқаны өтетінін білесіздер. «Nur Otan» партиясының  ауданымыздың дамуындағы 7 басым бағытының ішінде мен өзім мәдениет саласында қызмет  ететіндіктен  осы саланы баса айтып кетпекпін. Бағдарламадағы бесінші басымдық «Тарих пен мәдениетті дамыту» деп аталады. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай аудан бойынша көптеген тарихи-мәдени орындар жаңадан ашылып, жаңғыртылғанын білесіздер. Ары қарай да жұмыстар жалғаса  бермек. Бұл үшін партия бірқатар жұмыстарды қолға алмақ», - дейді ол.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім - бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі.

«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіруді жақтайды. Абай ауданы - тарихи аймақ. Ұлы, атақты ақындар Абай, Шәкәрім және Мұхтардың Отаны. Бірегей тарих пен мәдениетті қолдау және сақтау үшін «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙЛ деңгейінде атап өтуге, Қасқабұлақ ауылында «Құнанбай» мұражай үйінің ашылуына, Абай ауданының тумалары мұраларын кеңінен насихаттауға (Манарбек Таутанов, Жәнібек Қәрменов, Кентау Назарбеков, Камен Оразалин);Ұлттық спорт түрлерін дамытуды (бәйге, көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, тоғыз құмалақ), Тоқтамыс ауылдық округінің Қоңыр әулие трактатында қонақ үй кешенін ашуға Nur Otan» партиясы ықпал етеді», - деді Б.Мәкенова.

Үміткер сайлаушыларды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, партияның аудандық бағдарлдамасында көзделген әр тұрғынның өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту мақсатындағы басымдықтарды баяндады.

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары