«Nur Otan»: Пандемия кезінде одан сайын жұмыла түсуіміз керек
Партия өкілдері Павлодардың №1 автобус паркінің ұжымымен кездесті

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер онлайн-режимде Павлодардың №1 автобус паркінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Депутаттыққа кандидаттар Раушан Даумова, Нағашыбек Әубәкіров, Жарқынбек Амантайұлы мен Рамиль Смайылов тасымалдаушыларға партияның алдағы бес жылда атқаратын істерін таныстырып өтті.
Айталық, Раушан Даумова онлайн-аудиторияның назарын облыс кәсіпорындарының еңбек жағдайы мен төлемақысының жақсартылуы мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, пандемия кезінде қазақстандықтарға одан бетер жұмылып, алдағы межелерді бағындыруға ұмтылу керек.
«Мен облысымыздың тау-кен металлургия саласының мыңдаған ұжымының өкілімін. Біз зиянды өндірісте жұмыс істеген жұмысшылардың зейнетақысына қосымша ақы төлеуді талап етеміз. Одан бөлек, партия ең төменгі жалақының көлемін арттыруды көздейді», - дейді Раушан Даумова.
Оның сөзіне қарағанда, халық партияға сенеді және де «нұротандықтар» халық сенімін ақтау үшін бар күшін салады.
Жарқынбек Амантайұлы «Nur Otan» арқылы көптеген қазақстандықтардың проблемалары шешілгенін айтып, мұны «Nur Otan» партиясының артықшылықтарының бірі екенін атап өтті.
«Nur Otan» - жылдар бойы халыққа қызмет етуді міндет етіп алған еліміздің басты саяси күші. Мысалы, жол сапасын алайық. Ол кез келген мемлекет экономикасының іргетасы. Павлодар облысы бұл көрсеткіш бойынша еліміздің үздік өңірлерінің бірі. 2021 жылы облысымызда 370 шақырым жол жөнделеді», - дейді Жарқынбек Амантайұлы.
Кездесу кезінде тасымалдаушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Олардың біразына жауап беруге тырысқан партиялықтар қалғандарын аманат етіп, шешілуін іздестіретінін айтты.
«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді