Әуе қызметкерлері үшін менталдық ауытқуы бар адамдармен қарым-қатынас орнатудың ережесі әзірленеді
Қазіргі уақытта Қазақстанда менталдық ауытқуы бар халықтың бұл тобы жолаушылардың ерекше санатында және тасымалдау ережелерінде (әуе, теміржол және қоғамдық көліктерде) көрсетілмеген
Азаматтық авиация комитеті Аутизм Қазақстан ұлттық қауымдастығымен, әуе компаниялар мен әуежай өкілдерімен бірлесіп, әуе компаниялар мен әуежай қызметкерлерінің менталдық ауытқулары бар халықпен (аутизм, Даун синдромы, психикалық-сөйлеу дамуының тежелуі) өзара қарым-қатынас орнату ережелерін әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
«Қазір осы мәселелерді талдау және зерделеу жүргізіліп жатыр, одан кейін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы шешімдер қабылданатын болады. Сондай-ақ, осы жұмыс кездесуінде әуе компаниялардың бортсеріктері мен әуежай қызметкерлерін оқытудың, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Осы мәселеде бірқатар қоғамдық ұйымдар қызығушылық танытып, көмек көрсетуге ниет білдіріп отыр», - делінген комитет хабарламасында.