$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2019, 12:33
Қоғам

Желтоқсандағы мерекелерге сәйкес қосымша пойыздар жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы желтоқсандағы мерекелік күндерде қосымша 4 бағыт бойынша пойыздар жүретінін хабарлайды

Желтоқсандағы мерекелерге сәйкес қосымша пойыздар жүреді
Фото: sputniknews.kz

Қазақстан қалалары арасында қатынайтын қосым пойыздар алдағы Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесіне орай қатынайды. 

«Алматы– Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс Алматы-2 вокзалынан 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 күндері және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта шығады.

«Алматы– Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс: Алматы-2 вокзалынан 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша пойыздар күн ара қатынайды:  Маңғыстаудан 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 7 қаңтарға дейін тақ күндері жүреді.

«Нұр-сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған 2 рейс 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайды.

Серіктес жаңалықтары