Қазақ, корей, өзбек, грек – Қарағандыда бір отбасында 4 ұлттың өкілі өмір сүреді
«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайтуды қолдайды
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Қадиша Оспанова тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін көпбалалы және көпұлтты Әлиевтер отбасымен кездесті.
Қадиша Базарбайқызының айтуынша, бұл отбасы – Қазақстанның миниатюралық бейнесі. Себебі, бір отбасында қазақ, корей, өзбек,тіпті, грек ұлтының өкілдері бар.
«Бұл отбасының отағасы Ержан – супервайзер, отанасы Наташа – бухгалтер, үйдің қариясы Эльза Николаевна шеф-аспаз болып жұмыс істейді. Отбасының үлкен қызы тұрмыста, қазіргі уақытта ол декреттік демалыста. Тағы бір қызы жұмыс істейді; кіші ұлдары (біреуін асырап алған) мектепке және балабақшаға барады. Олардың барлығы Қарағанды қаласы, Гоголь көшесіндегі төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Бұл үлкен отбасының мүшелері мемлекет тарапынан қосымша берілетін тұрғын үй алаңына қол жеткізуге үмітті», - делінген хабарламада.
«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қадиша Оспанова біздің елімізде ең жақындарына қамқорлық жасау қоғамдық санада әрдайым жоғары, құрметті және мызғымас орынға ие екенін атап өтті.
«Олармен әңгімелесу маған ең жағымды әсер қалдырды. Әлиевтер отбасысына қарап, біздің қоғамымыздың, еліміздің тату, мықты, ұйымшыл, көпұлтты отбасылардан құралғанын түсінесің. Дәл осындай адамдардың арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісім салтанат құруда. Өз тарапымнан «Nur Otan» партиясы әрқашан отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде шаралар қабылдауды қолдайтынын және жақтайтынын айтқым келеді. Біз, әрине, Әлиевтер отбасына көмектесу үшін мүмкіндіктер іздейміз. Оларға ғана емес, әлеуметтік қолдауды қажет ететін өзге де отбасыларға көмек беру – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бірінші кезектегі қағидаттарының бірі», - дейді Қадиша Базарбайқызы.
«Nur Otan» партиясының төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отбасы институтын қолдау, ана мен баланы қорғау, аға ұрпаққа қамқорлық көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болуы керектігін бірнеше рет айтқан болатын.
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облысы сайлау қорының қаражатынан төленді