30.12.2020, 11:02
Қоғам
Қостанай облысы «сары» аймаққа өтті
Атырау облысы «қызыл» аймақта қалды
фото: kstnews.kz
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазір коронавирустың таралу қаупі бойынша бір облыс қана «қызыл» аймақта тұр. Ол – Атырау облысы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 29 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау мен Қостанай облыстары «қызыл» аймақта болған. Алайда, 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Қостанай облысы «сары» аймаққа өткен.

Сонымен қатар «сары» аймақта Қостанаймен бірге Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы бар. Қалған облыстардың бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты