ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Биыл 12 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Отанына оралғандардың 57,2%-ы еңбекке қабілетті жаста

көрнекі фото: gov.kz

1 желтоқсандағы жағдай бойынша жырақта жүрген 12,3 мың этникалық қазақ тарихи отанына келіп, оралман мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (54,2%) Қытайдан, 30,0% – Өзбекстаннан, 8,9% – Түрікменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,2% басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды.

11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,2%-ды және зейнеткерлер 10,6%-ды құрайды.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қазақстанда «оралман» сөзінің орнына ресми түрде «қандас» сөзі бекітілді. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми қолданысқа енгізіледі.