$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2020, 12:40
Қоғам

Ресейге баруға мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттерге академиялық демалыс беру ұсынылды

Қашықтан оқыту форматына көшуге байланысты ешкім оқудан шығарылмайтыны айтылды

Ресейге баруға мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттерге академиялық демалыс беру ұсынылды
көрнекі фото: Мәскеу мемлекеттік университеті, ria.ru

Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар Ресейдің ғылым және жоғары білім министрлігі, Ресейдің оқу-ағарту министрлігі, ресейлік жетекші ЖОО басшылығымен өткізген келіссөз қорытындысын хабарлады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Ресей тарапы қазір эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қашықтан оқыту форматына көшуге байланысты ешкім оқудан шығарылмайтыны айтылды. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтан қорғау қарастырылған.

Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Біздің елшілік қазақстандық студенттерге қатысты болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жеке тәртіппен қаралатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары