21.12.2020, 10:30
Қоғам
Нұр-Сұлтан қаласындағы даңғылдардың бірінен автобус жолағы алынып тасталды
Алайда, қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады
Елорданың Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көліктерге арналған Bus lane жолағы алынып тасталды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.
«Қаланың жол торабының жүктемесін азайту үшін 20 желтоқсаннан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қосшы бағытында «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығынан айналмаға дейінгі автобус жолағы алынып тасталды», - делінген ресми хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган - Әкімшілік полиция департаментімен арадағы келісім бойынша қабылданды.
Көп оқылған
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12.07.2026, 10:02
Синоптиктер үш қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады
12.07.2026, 11:15
Астанадан Дубайға ұшқан ұшақ әуеде кері бұрылып, Қазақстанға қайтарылды
12.07.2026, 15:48
Ақтаудағы қалың тұман салдарынан ұшақтар Атырау әуежайына қонды