$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2020, 19:07
Қоғам

«Nur Otan» жоспары: Сайрам ауданы газбен 100 пайыз қамтылады

Облыстық сайлауалды штаб мүшелері тұрғындармен кездесті

«Nur Otan» жоспары: Сайрам ауданы газбен 100 пайыз қамтылады

«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штаб мүшелері Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алдағы жылдары  Сайрам ауданында 9 мектеп салынады. Сондай-ақ, 10 білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылға дейін 5600 мұғалім біліктілік арттыру курстарында оқытылады. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 5096 дана, яғни 74,94 пайыз компьютерлік техника сатып алынып, интернет желісімен қамтылмақ. Сонымен қатар ауданда 2025 жылға дейін 2500 жаңа жұмыс орыны ашылып, «Еңбек» бағдарламасы аясында 7339 адам жұмысқа тартылады. Оның ішінде 3530-ы тұрақты жұмыс орны болады. Бүгін осы және өзге де жоба-жоспарлар туралы Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп,  үгіт-насихат жүргізген облыстық сайлауалды штаб мүшелері айтып берді. 

«Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Бейсен Тәжібаев бастаған насихат тобы алдымен Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға үміткерлер алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарды баяндады. 

«Еліміздегі көшбасшы «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасы нағыз халықтың көкейтесті мәселелерінен жинақталды. Бағдарламада қамтылмаған сала жоқ. Мәселен, алдағы 5 жылда Сайрам ауданында 9 мектеп бой көтерсе, 10 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл білім саласына қатысты атқарылатын тірліктер. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Сайрам ауданында сметалық құны 2,6 млрд теңгені құрайтын  5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге ықпал етеді.  Бұған дейін жекелеген үміткерлер уәде беретін, қазір партия атынан барлық мәселе шешімін табатын болады», – деді Бейсен Дәулетұлы. 

Кездесуде Қарабұлақ ауылының тұрғындары өзекті деген мәселелерді көтерді. Соның бірі – ауылшаруашылық бағытындағы жерлерге салынған үйлердің құжаттарын рәсімдеу. Сондай-ақ олар ауыл шаруашылығы саласына байланысты ағын су мәселесін қозғады. Тұрғындар ауыз су мәселесі де бар екенін жасырмады. Бүгінгі таңда Сайрам ауданында 42 елдімекеннің 41 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Яғни бұл 97,6 пайызды құрайды. 1321,6 шақырым сумен жабдықтау желілері бар. Десек те, партия 2025 жылға дейін аудан тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамту және ауыз су кестемен берілетін елдімекендерді үздіксіз ауыз сумен қамту міндетін қойып отыр. 

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Қарабұлақ ауылына ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге және үздіксіз ауыз сумен қамтылмаған Нұржанқорған, Қожақорған елдімекендеріне (14473 тұрғын) ауыз су құбырларының құрылысын жүргізуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы орталықтандырылған ауыз сумен аудан тұрғындары 100 пайыз қамтамасыз етіледі. 

Сайрам ауданында 42 елдімекеннің 19-ы (45,2%) табиғи газбен қамтылған, яғни 23 елдімекен (45676 тұрғын) көгілдір отынмен қамтылмаған. Партия 2024 жылға дейін аудан тұрғындарын табиғи газбен 100 пайыз қамту міндетін қойып отыр. 

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 23 ауылдың тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде: 1-кезеңде 633,5 шақырым газ құбырлары жүргізілген 18 елдімекенді (Қасымбек датқа, Нұржанқорған, Қожақорған, Ханқорған, Қосбұлақ, Әсіларық, Шіркін, Шапырашты, Ошақты, Құрлық, Оразалиев, Теспе, Тоған, Таскешу, Сарыарық, Жаңатұрмыс, Ақсуабад, Береке) №20 АГРС-ке қосып, көгілдір отынмен қамтуға; 2-кезеңде 5 елдімекенге (Көлкент, Құтарыс, Қызылжар, Ақарыс, Оймауыт) ұзындығы 166,8 шақырым газ құбырын салуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудан тұрғындары табиғи газбен 100 пайыз  яғни  45676 аудан тұрғыны қамтамасыз етілмек. 

Мұнан соң облыстық сайлауалды штаб мүшелері Жібек жолы ауыл округінің тұрғындарымен көшеде кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ насихат тобы «Есіктен есікке» акциясы аясында Манкент ауылындағы жеке үйлерге кіріп,  проблемалық түйткілдерді талқылады. Манкенттік тұрғындар ауылдағы мектеп пен мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін қозғады. 

Штаб мүшелері аудандық филиал ғимаратында ауған соғысы ардагерлерімен де кездесті. Пікір алмасу кезінде ауғандық ардагерлердің емдеу шаралары тиісті деңгейде қолға алынса екен деген ұсыныстарын жеткізді. 

Аудандағы сапар барысында штаб мүшелері «НИК» сауда үйінің қызметкерлерімен экспромт кездесу өткізді. Сондай-ақ, Қарамұрт ауыл округінің тұрғындарымен жүздесіп, проблемалық мәселелерді талқылады.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары