100 мыңдай алматылық жыл соңына дейін салық рақымшылығын пайдалана алады
Бүгінгі таңда Алматы бойынша рақымшылықты 84 511 салық төлеуші пайдаланды
Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінде мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар азаматтарды жыл соңына дейін жүргізілетін жинақталған өсімпұлды есептен шығару бойынша салық рақымшылығы мүмкіндігін пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева мен Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов мәлім етті.
МКД деректері бойынша, Алматы бойынша өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияның басында борышкерлердің саны 192 мың жеке тұлғаны құрады, онда 6,5 млрд тг астам берешек болды, оның ішінде негізгі борыш сомасы — 5,4 млрд тг және өсімпұл сомасы — 1,1 млрд тг.
«Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша рақымшылықты 84 511 салық төлеуші пайдаланды, онда 209,2 млн тг сомаға өсімпұл есептен шығарылды және негізгі борыштың өтелген сомасы 1,9 млрд тг құрайды. Бұл ретте өсімпұлды есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі, қарыздың негізгі сомасын ғана төлеу жеткілікті», — деп хабарлады О. Қазиева.
Жеке тұлғаларға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелетін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша бересі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төленген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығарады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық түрі бойынша ғана есептен шығарылады.
Бұл норма мұндай адамдардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
Өз кезегінде Жаңабай Ағманов салық органдарына орындалмаған салық бұйрықтары бойынша және жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу бойынша деректер келіп түсетінін атап өтті. Өз тарапынан сот орындаушылары мәжбүрлеп атқарушылық іс жүргізуді қозғайды — бұл шоттарға тыйым салу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу, сондай-ақ мүлікті алып қою.
«Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін біз соттылық жөніндегі хабарламада бұл салықтық рақымшылық көрсетілмеуі үшін айыппұлдарды ерікті түрде төлеуді ұсынамыз. Әрине, бізге келіп түсетін салық бұйрықтары өсімпұлдармен бірге келеді. Сондықтан хабарламаларда салықтық рақымшылық жүргізу мерзімдерін түсіндіреміз», — деді Ж. Ағманов.
Хабарламалар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар Алматы қаласы Әділет департаментінің колл-орталығына +7 (727) 291 8526, +7 707 615 1395 нөмірлері бойынша хабарласа алады.