$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.12.2020, 15:53
Қоғам

Шымкент: «Тоғыс» тұрғындарының талап-тілегі тыңдалды

Қалада сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент: «Тоғыс» тұрғындарының талап-тілегі тыңдалды

Шымкент қалалық маслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткерлер Гуляим Шунгараева, Қайрат Сүлейменов, Айжан Наимбекова Еңбекші ауданы «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

Жиында партияның алдағы бес жылдыққа жұмыс жоспары мен қалалық Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндірілді. Іс-шараға жиылған «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғындары аудандағы өзекті мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізіп, елдімекенді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын айтты.

«Тоғыс» тұрғын алабы қаланың іргесінде орналасқандықтан, онда қордаланған проблемалар бар. Кандидаттар шешімін күткен бұл міселелер партия назарына алынып, Сайлауалды бағдарлама негізінде оң шешімін табатынын айтты. 

Партияның XX съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады» деп айтқан болатын.

Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық саланы дамыту қамтылған, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары бойынша нақты міндеттер бекітілген. Сондай-ақ, бағдарлама Мемлекет бсшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары