$ 538.12  627.02  6.65
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сабаққа келмеген студенттерге баға қойған»: Евразия университетінің ұстаздары мен экс-ректоры ұсталды (ФОТО)

Қылмыстық топқа 19 ұстаздың қатысы бары анықталды

«Сабаққа келмеген студенттерге баға қойған»: Евразия университетінің ұстаздары мен экс-ректоры ұсталды (ФОТО)
Фото: instagram.com/medianews.kg/

«Евразия университеті» Коммерациялық емес білім беру мекемесінің бір топ мұғалімі мен экс-ректоры қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлықпен күресті күшейту үшін жоғары білім жүйесін тексерген.

«Тексеру кезінде «Евразия университеті» коммерциялық емес білім беру мекемесінің мұғалімдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар уәкілеттіліктерін асыра пайдалана отырып, ресми құжаттарды өзгерткен. Нақтырақ айтсақ, мұғалімдер студенттердің сабаққа келмегенін жақсы біле тұра, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тәртібін өрескел бұзып, студенттерге баға қойып берген, бағаларын өзгерткен», - деп хабарлайды дереккөз.

Қылмыстық іс аясында осы заңсыз қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 ұстаз тексерілген. Оның үшеуі бірден қамалған.

Кейін оқу орнының бұрынғы ректоры, қазір басқа университетте сабақ беретін азамат ұсталып, бір айға қамалған.

Серіктес жаңалықтары