20.10.2025, 17:20
Оқиғалар
Алматыда оқушының әкесі мұғалімнен 20 млн теңге бопсалаған
Мұғалімнің арызынан кейін полиция ер адамды қамауға алды
Фото: istockphoto.com
Алматыдағы жекеменшік орталықтардың бірінде білім алатын баланың әкесі сол жерде жұмыс істейтін әйелді қорқытып, 20 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, баланың әкесі мұғалім туралы жалған ақпарат таратып, оның артына кір келтірмек болған.
«Орталықтағы бір баланың әкесі мұғалімнің жұмысына көңілі толмаған соң жалған ақпарат таратамын деп одан 20 млн теңге талап еткен. Әйел адам бірден полицияға келген. Алматы полициясының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы арызды қабылдап, бопсалаушыны қолға түсірген», - деп хабарлайды дереккөз.
Қазір полиция егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды