Орта мектеп инфрақұрылымын жаңарту – басты назарда
ШҚО-да «Nur Otan» өкілі сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді
«Nur Otan» партиясының ШҚО Ұлан ауданы бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Еркежан Абраимова Сағыр ауылындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектеп қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы бес жылда ауданда атқарылатын жұмыстар туралы айтты.
Еркежан Мұратқанқызы Ұлан ауданында соңғы жылдары атқарылған жұмыс ауқымымен де таныстырып өтті. Ол 2018 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Пушкин орта мектебіне кәріз жүйелері жөнделгенін, биыл қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.
«Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, саналы ұрпақ тәрбиесін алға қою «Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі. Осы ретте білім беру, денсаулық сақтау мекемелері назардан тыс қалмай, олардың инфрақұрылымын жөндеп, тиімділігін арттыру жылдан жылға жақсара бермек», - деді кездесу соңында Еркежан Абдраимова.
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді