Ақтөбенің шалғай ауылдарына ауыз су құбыры тартылады
Елімізде Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді

Халықты ауыз сумен қамтуды «Nur Otan» партиясы жоспарлап отыр. Шалғай ауыл тұрғындарымен кездескен Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Азамат Адаев пен Әкімжан Есенаманов партиясының Ақтөбе облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Мұғалжар ауданының Құмсай, Ащысай, Орқаш ауылдарына барған үміткерлер «Есіктен есікке» іс-шарасы бойынша үй-үйді аралады. Кездесуде экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік-бағытталған, жастарға арналған басымдықтар жайы жан-жақты айтылды. Үміткерлер Ащысай ауылының 91 жастағы Нұржан Уалиевпен кездесіп, батасын алды. Сондай-ақ, Оршақ ауылының тұрғыны Надежда Құлмағанбетованы өз таңдауын жасауда белсенділік танытуға шақырды.
Партия ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөледі. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған. Ауыл тұрғындары үміркерлерден газ, су, интернет желісі мен жол жайын сұрады. Алдағы бесжылдық жоспарға тоқталған Азамат Адаев бүгінгі таңда Мұғалжар ауданындағы 37 елді мекеннің 16-сы орталықтандырылған, яғни, аудан халқының 91,3 пайызы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген айтты.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдардың жартысынан көбін газбен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр. 200-ден астам халқы ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынады, ал өзгесіне суды тазартудың кешенді блогы орнатылады. 2021 жылы Құмсай және Жаркемер, 2022 жылы Талдысай және Басшили, 2023 жылы Қожасай және Шеңгелші, 2024 жылы Құмжарған және Еңбек ауылдарына су құбыры жеткізіледі.
Әкімжан Есенаманов ауыл халқын газбен қамту жобасына тоқталды.
«Әр ауылдың өз ерекшелігі, бағыты бар. Құмсай ауылының халқы еңбекқор екен. Көшелері мұнтаздай таза, адамдары ашық-жарқын. Шаруалар да ауылдың гүлденуіне үлес қосқан. Мұндай елдімекеннің болашағы зор деп айтар едім. Көбі инфрақұрылым жайын сұрады. Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей 2022 жылы Елек, Қожасай, 2023 жылы Жұрын және Қаракөл, 2024 жылы Мұғалжар, 2025 жылы Жарық ауылдарына газ құбыры тартылады. Осы шаралар қала халқының 100 пайызын, ауыл халқының 80,8 пайызын газбен жабдықтауға мүмкіндік береді. Сумен жабдықтау мәселесі түбегейлі шешіледі. «Nur Otan» жоспары айқын, бағдарламасы нақты партия. Біз қолға алған істің сапалы орындалуына, халықтың әл-ауқатын арттырып, қиындықты бірге жеңуге, жеңіске бірге жетуге шақырамыз», - деді Әкімжан Есенаманов.
Ащысай мен Құмсай ауылына бірер күнде байланыс жүйесі орнатылды. Халық интернетке қосылып, ағайынмен хабар алмасудың жеңілдегенін айтты.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.