Түркістан облысында әскери қызметкер алаяқтық жасап, айыппұлмен құтылды

Енді ол мемлекеттің есебіне 800 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс

Түркістан облысының Отырар ауданында Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау бөлімшесінің басшысы алаяқтық жолмен жергілікті тұрғынның 80 мың теңгесін алған деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер ауыл тұрғынының ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін оның әкесінен 80 мың теңге көлемінде ақша алған.

Шымкент гарнизонының әскери соты басшының бұл әрекетін алаяқтық деп танып, оны өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, әскери шенінен айырды. Сондай-ақ, капитан Б.Алиев алған ақшасын 10 есе көлемінде, яғни 800 мың теңге етіп мемлекетке қайтаруы тиіс.

Ал, Жамбыл ауданында тағы бір әскери қызметкердің үстінен тергеу жүріп жатыр. Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билет беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.