$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 11:53
Қоғам

Елордалық дәрігерлер кішкентай қыздың басынан жұдырықтай ісікті сәтті алып тастады

Алғашында ісік көзге көрінбеген

Елордалық дәрігерлер кішкентай қыздың басынан жұдырықтай ісікті сәтті алып тастады

Елордалық дәрігерлер бір жасар қыздың желке аймағында гемангиоматозды алып тастады, деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Кішкентай Далида ауруханаға бастың артқы жағында кавернозды гемангиомасымен түскен. Алайда, бұл туа біткен дерт емес. Туған кезде гемангиома кішкентай еді, мең секілді көзге көрінбейтін дейді Далиданың анасы.

«Дәрігерлер түйіннің түсі мен мөлшерін бақылап жүріңіздер деген. Ісік тарайды деп ойладық, алайда ол өскен сайын қатты қорықтық», - деп толықтырды қыздың анасы Әсел.

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының мамандарына жүгінгеннен кейін, ісікті тез арада алып тастау, ота жасау туралы шешім қабылданды. Алайда, отаның қиын және қаупі жоғары екені туралы бірден ескертілді.

«Балада тамырлы ісік болған (желке аймағының кавернозды гемангиомасы). Операцияға дейінгі дайындықтан кейін балаға шұғыл ота жасалды. Гемангиома алынды. Зақымданудың айтарлықтай үлкен қатерін ескере отырып, хирургиялық қан кету қаупі болды. Біз оны қиындықсыз алып тастадық. Барлығы жақсы өтті», - дейді жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Ирек Мингазов.

Қазір Далиданың жағдайы жақсы, ісіксіз, емін-еркін өсіп келеді. Баланың туысқандары медициналық қызметкерлерге өз шексіз алғыстарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары