08.12.2020, 11:55
Қоғам
Алматы қайта «сары» аймаққа өтті
Мегаполис төрт күн бұрын ғана «жасыл» аймаққа өткен еді
Алматы қаласы, фото: informburo.kz
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 8 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Алматы қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша қайтадан «сары» аймаққа өтті.
«Қызыл аймақта»: Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары;
«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Қостанай, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл аймақта»: Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 670 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, елімізде пандемия басталғалы ел бойынша 137 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Өкінішке қарай, індеттен 2 мыңнан аса адам қайтыс болды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
04.11.2025, 21:50
«Ешкімге сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов халыққа видео үндеу жасады
04.11.2025, 13:08
Жыл сайын 75 мың аборт жасалады: мемлекет әйелдерге арналған «мүшеқапқа» 314 млн теңге бөлді
04.11.2025, 22:36
Мөлдір Мұқановаға 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
04.11.2025, 09:52
Атырау әкімдігі жергілікті тұрғынның үйін заңсыз салды деп бұзып тастамақ болды: оған сот араша түсті
04.11.2025, 06:06
Қазақ эстрадасының жұлдызы екінші баласын дүниеге әкелді