$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2020, 16:52
Қоғам

«Жемқорлықты жою сөз жүзінде емес, іс жүзінде болуы керек»: Шпекбаев БҚО-ға барды

Агенттік төрағасы Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында болды

«Жемқорлықты жою сөз жүзінде емес, іс жүзінде болуы керек»: Шпекбаев БҚО-ға барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев екі күндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Жұмыс сапары Бөрлі ауданынан басталып, сервистік әкімдікте болды. Әкімдікке жыл басынан бері 1200 әлеуметтік қызмет алған мыңға жуық азамат өтініш білдірді, оның 800-і онлайн түрде берілді.

Көршілес Шыңғырлау ауданында агенттіктің жұмыс тобы мен көрнекті қоғам қайраткерлері жаңа сервистік әкімдік ашты. Онда тұрғындардың жайлы жағдайын арттыруға септігін тигізетін 54 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілмек. Аудан мектептерінің бірінде «е-Асхана» цифрлық жобасын жүзеге асыру туралы бастама көтерген «Адал ұрпақ» клубының қызметі таныстырылды.

Сонымен қатар, А.Шпекбаев бір мезгілде 300 адамды қабылдай алатын және спорттың 19 түрі бойынша жаттығатын Қарашығанақ спорт кешеніне барды. Мейманның айтуынша, спорт кешенінде оқушылар үшін барлық жағдай жасалған, соның арқасында спортшыларға жақсы жағдай іздеп басқа қалаларға кетудің қажеті жоқ.

Агенттік төрағасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясын аралау барысында өндіруші салалардағы жемқорлықтың алдын алудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, корпоративтік комплаенс-қызметі жұмысының нәтижелерімен танысты.

«Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында біз квазимемлекеттік секторда ғана емес, жеке корпоративтік секторда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенсті енгізу үшін сенімді құқықтық негіз қаладық. Integrity идеологиясын насихаттау дәл осындай ірі салалық компаниялардан басталуы тиіс. Кәсіпкерлер тазалық пен парасаттылық стандарттарын сақтауға неғұрлым көп көңіл бөлсе, соғұрлым тезірек бәсекеге қабілеттілікке қол жеткіземіз», - деді А.Шпекбаев.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 17 қазанынан бастап квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың  корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты заңнамалық деңгейде енгізілді.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы басшылардың ұжымында жемқорлықты жою және оның алдын алумен айналысу міндеті құр сөзбен емес, іс жүзінде болуы керектігін баса айтты.

Осыдан кейін Агенттік төрағасы Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, Шыңғырлау ауданының жұртшылығымен, бизнес-қоғамдастығымен және активімен кездесті.

Ол жергілікті бюджеттің оңтайлы жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттігін атай отырып:

«Агенттік «Ашық бюджет» бірегей жобасын іске асыруда. Ол қоғамдық бақылауға және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға жаңа серпін береді. Оны іске асырумен агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің мүшелері және азаматтық қоғам институттарының өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы айналысады. Сондықтан жұртшылықты жемқорлыққа қарсы технологиялардың заманауи құралдарын белсенді қолдануға шақырамын», - деді.

Күн соңында А. Шпекбаев «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Т. Байғұловпен және «Адал көмек» жобасының жетекшісі А. Омаровамен «Халық үні» жобасы аясында азаматтарды қабылдады.

Серіктес жаңалықтары