$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2020, 10:52
Қоғам

СҚО-да 70 адам тамыздан бері айлығын ала алмай жүр

Серіктестік басшылығы орақ науқаны аяқталысымен ұшты-күйлі жоқ болып кеткен

СҚО-да 70 адам тамыздан бері айлығын ала алмай жүр
Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында күзгі дала жұмыстарын атқарған 70 азамат тамыздан бері айлығын ала алмай жүр, деп хабарлайды 24.kz.

Жұмысшыларды жалдаған инвестор оларға 27 миллион теңге қарыз болып қалған. Оған қоса, олардың зейнетақы шотына да ақша салынбаған. Ақшасыз қалған ағайын айлығын қалай аларын білмей жүр. Себебі, серіктестік басшылығы орақ науқаны аяқталысымен ұшты-күйлі жоқ болып кеткен.

«2018 жылдан бері жалақымнан зейнетақы қорына деп ақша ұстап келді. Бірақ ол менің шотыма түспеген. Соның салдарынан қазір еңбек өтілім де жоғалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да осындай жағдай. Ауруханаға барсам, мені қабылдамайды. Себеп біреу ғана. Қаржы түспеген», - дейді Светлое ауылының тұрғыны Қуаныш Сейтқалиев.

Бұдан бөлек, компания басшылығы бес ауылдың халқына былтырғы жер пайы үшін 42 миллион теңге берешек екен.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #жалақы