02.12.2020, 11:12
Қоғам
Халықараралық рейстермен ПТР-анықтамасыз 85 жолаушы келді
Келген жолаушылардың бәрі – ҚР азаматтары
Фото: ашық дереккөзден
1 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсімен 1 237 жолаушы келді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, жолаушылардың 1152-і ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен, 85 адам анықтамасыз келген. Келген жолаушылардың бәрі – ҚР азаматтары.
- Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс (1 023 жолаушы, анықтамамен - 947, анықтамасыз – 76);
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс (214 жолаушы, анықтамамен - 205, анықтамасыз – 9) келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
