30.11.2020, 12:50
Қоғам
1 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктер қатынай ма?
Қалалық бас санитар дәрігер қаулысына сәйкес, жексенбі күндері қоғамдық көліктердің қатынауына тыйым салынған
Фото: Батыржан Беспаев
1 желтоқсан күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікке сенбі және жұмыс күндері жүруге рұқсат етілді, ал жексенбі күндеріне тыйым салынды. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды», - делінген хабарламада.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
