29.11.2020, 13:17
Қоғам
Қостанай облысында қатаң карантин шаралары ұзартылды
Өңірдің бас санитар дәрігер шектеу шараларын 7 желтоқсанға дейін ұзартты
Фото: astana.gov.kz
Қостанай облысында қатаң карантин режимі 2020 жылғы 7 желтоқсанға дейін ұзартылады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Қостанай облысының бас дәрігері өңірдегі шектеу шаралары туралы қаулыға толықтырулар мен өзгерістер енгізді.
«Қаулы 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 07 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін қолданылады», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін облыста COVID-19 жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин шаралары 30 қарашаға дейін ұзартылған болатын.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды