Қазақстанға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
28 қараша күні еліміз аумағына 12 халықаралық әуе рейсі келді
Қазақстанға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 қараша күні Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1 337 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 244 адам, анықтамасыз 93 адам – ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен – 813, анықтамасыз – 7;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамамен - 387, анықтамасыз – 61;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 69 жолаушы, анықтамамен – 44, анықтамасыз – 25 жолаушы келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 93 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.