$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2020, 15:27
Жаңалықтар

Қостанай облысында карантин шаралары 30 қарашаға дейін ұзартылды

Облыста COVID-19 жұқтырғандар санының артуына байланысты қаулыға өзгерістер енгізілді

Қостанай облысында карантин шаралары 30 қарашаға дейін ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайлоның 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қостанай облысының тұрғындары арасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес COVID-19 (бұдан әрі-COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, «Шығу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 Бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулыларымен және COVID-19 жағдайларының көп санының тіркелуіне байланысты қаулыға өзгерістер енгізілді. 

«Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «6. Осы қаулы 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 30 қараша сағат 00:00-ге дейін қолданылады», - делінген Нечитайлоның қаулысында.

Серіктес жаңалықтары