$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2020, 14:20
Жаңалықтар

ҚР ДСМ 1500 тыныс алу құрылғысын өңірлерге жеткізуге қатысты түсініктеме берді

Бұған дейін сенатор Нұрлан Қылышбаев аппараттарды денсаулық сақтау ұйымдары қабылдамағанын айтқан еді

ҚР ДСМ 1500 тыныс алу құрылғысын өңірлерге жеткізуге қатысты түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөзден

 

Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова аймақтарға 1500 тыныс алу құрылғысын жеткізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын 297 медициналық ұйымға құрылғылардың жеткізілуін бақылап отыр. Қазіргі уақытта осы медициналық ұйымдардың барлығы 1500 құрылғыны қабылдау актілеріне қол қойды. Осылайша, олар пайдалануға дайын», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова.

Ол жақында көтерілген депутат сынына орай, халық қалаулысының қараша айының басында өңірлерге қойылған аппараттар кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп, қажетті инсталляциялау мен ретке келтіру рәсімдері өтіп жатқанда жасалған мониторинг деректерін алға тартқанын атап өтті. Бірақ сол кездің өзінде барлық 1500 аппарат еліміздің өңірлеріне жеткізілген. Шығыс Қазақстан облысына келетін болсақ, облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық 100 аппарат өңірдің 34 ауруханасына жеткізілген, сондай-ақ, пайдалануға дайын. Осылайша, отандық өндірістің 1500 ӨЖЖ аппаратын жеткізу аяқталды, барлық аппараттар жұмыс жағдайында. Барлық ӨЖЖ аппараттарына 37 ай кепілдік беріледі және өндіруші қызмет көрсету бойынша барлық жағдайды назарда ұстайды.

Естеріңізге сала кетсек, сенатор Нұрлан Қылышбаев өкпені жасанды желдететін отандық аппараттардың бір бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары қабылдамағанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары