ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда ер адам 10 жастағы баланы қорқытып, телефонын тартып алған

Ол баланы пышақпен қорқытқан

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері екі тонау дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Конституция көшесінде би үйірмесінен қайтып келе жатқан 10 жастағы екі қыз баланы мас күйде 27 жастағы елорда тұрғыны аңдыған. Көп ұзамай пышақпен қорқытып, ата-анасына хабарлаған жағдайда, тыныштық бермейтінін айтып, олардың біреуінің ұялы телефонын тартып алған. Сол күні кешке дәл осы көшеде спорт секциясынан үйіне қайтып келе жатқан 14 жастағы мектеп оқушысынан ұялы телефонын тартып алған», - деп жазылған хабарламада. 

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары болған жайды полицияға хабарлады. Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты.