ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

Алтай Көлгінов: Жарылыстан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

Ол қоғамдық тамақтану нысандарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды

Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін 24-51-71, 24-51-47 жедел желісі құрылды», - деді елорда әкімі.

Сонымен қатар, қала басшысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын атап өтеді.