15.11.2020, 11:19
Қоғам
Бүгін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қатынамайды
Дүйсенбіден бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде жүре бастайды
Фото: arnapress.kz
Жексенбі, яғни 15 қараша күні дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ал .дүйсенбіден, яғни 16 қарашадан бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде жүре бастайды
«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтсақ, көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен төленеді. Transcard.kz сайтынан қажетті тарифті таңдап, сатып алуға болады. Сонымен бірге теңгеріміңіздегі қаржыны тексеріп, көп пайдалы ақпарат таба аласыз», - делінген баспасөз хабарламасында.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
