Павлодар облысында ЖИТС жұқтырғандар саны артқан
Өңірде жыл басынан бері 249 адам ЖИТС -ке шалдыққан
Жыл басынан бері Павлодар облысында 249 адам жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромына (ЖИТС - AIDS) шалдыққан. Олардың 51,5 проценті нашақорлыққа шалдыққан адамдар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар бұған жасанды есірткі заттарының кең таралуы себеп болғанын айтады. ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мамандары аурудан сақтану жолдарын белсенді жастармен талқыға салды. ВИЧ инфекциясының алдын алу жұмыстары онлайн режимде тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
«Павлодар облысында есірткіге тәуелді адамдар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші артып отыр. Бұл індетке шалдыққандардың шамамен 58 проценті. Бұрын жыныстық қатынас арқылы көп таралатын. Ал анадан балаға жұғу дерегі қазір өте сирек кезедеседі, тіпті, жоқ деуге де болады», - деді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының инфекционист-дәрігері Нұрбол Оразов.