11.11.2020, 03:35
Қоғам
Павлодарда кейбір тұрғын үйлердің жертөлесі суға толып кеткен
Әкімдік бұл проблемадан бейхабар болып шықты
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда жекеменшік үйлердің жертөлесі суға толып кетті. Тұрғындардың шу шығарып, әкімдікті жағалап жүргеніне 10 жылға жуықтағанымен, нәтиже әлі күнге жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«5-6 жыл болды жылда осылай жер асты суы көтеріліп кетеді. Судың тереңдігі 1 метрден асады. Осының кесірінен үйіміз, гараж бәрі отырып кетті», - дейді қала тұрғыны Геннадий Пуха.
Ал, әкімдік болса бұл көше проблемасынан бейхабар болып шықты. Жерасты суы көтерілген басқа көшелерге су сору құрылғылары орнатылыпты. Ал, мына көше ол тізімге кірмей қалған. Өйткені, бұрын арыз-шағым болмаған.
Көп оқылған
22.02.2026, 08:00
Альпинист сүйіктісін боранды тауда қалдырып кеткен: сот оны өлімге кінәлі деп таныды
22.02.2026, 21:16
Өндірістегі қауіпсіздік тағы сынға түсті: СҚО-да жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілді
22.02.2026, 14:33
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Джеки Чаннан сыйлық алды
22.02.2026, 12:23
Жалпыұлттық коалиция: Реформалар жайлы ашық диалог өңірлерде жалғасуда