Алматыда учаскелік полиция инспекторлары 5 мыңнан астам қылмысты ашты
Учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан бері ашқан қылмыстардың 900-ден астамы – ауыр қылмыстар
Алматыда учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан бері 5 мыңнан астам қылмыс ашқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында бейнеконференция режимінде қала, аудан әкімдерінің, аудандық ПБ басшыларының және учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен «Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында кеңес өткізілді, онда проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
«Учаскелік полиция инспекторларының жұмыс жүктемесінің стандарттары қайта қаралады, әлеуметтік кепілдіктер жетілдіріледі, полиция майорына дейін шеннің жоғарылауы, сондай-ақ бірқатар басқа да өзгерістер болады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Алматы қаласындағы учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің штаттық саны 595 бірлікті құрайды. Қалада 102 учаскелік полиция бекеті бар.
«Биылғы жылы учаскелік полиция инспекторлары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Олар 5 мыңнан астам қылмыстың ашылуына атсалысты, учаскелік полиция инспекторларының көмегімен 3 мыңдай қылмыс ізін суытпай ашылды, учаскелік полиция инспекторлары ашқан қылмыстардың 900-ден астамы – ауыр қылмыстар», - делінген хабарламада.
Алматы қаласының учаскелік полиция инспекторлары 370 мыңнан астам арыз-шағым қарады, 61 600 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жалпы сомасы 215 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салды.
Сондай-ақ құқықбұзушылықтар жасауға бейім 11 600 адаммен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Қабылданған шаралар бұрын сотталған адамдар жасаған қылмыстарды 2,2 есеге, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 25% -ға және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды 35,2%-ға азайтуға мүмкіндік берді.