Ақмола облысында камералар 19 000-нан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтаған
Арнайы құрылғыдағы ақпаратты өшіру немесе «өзара келісу» мүмкін емес
Ақмола облысында интеллектуалды автоматты тіркеу жүйелері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 19 000-нан астам дерегін тіркеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстағы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 19 366 фактісі тіркелді. Бұл – осы жылдың басынан бастап интеллектуалды автоматты бекіту жүйелерінің жұмысының нәтижесі.
Айта кету керек, ең алғаш болып «Интегра-КДД» жүйесі 2014 жылы орнатыла бастады. Осы жүйелердің арқасында жыл сайын жол ережелерін бұзғысы келетіндер саны азайып келеді.
Қарапайым камералар әдеттегі жылдамдықты өлшеуден өзге, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне, тоқтау сызығынан өтіп, жылдамдықты жоғарылату кезінде болатын заңбұзушылықтарды автоматты түрде жазып отырады. Мұның бәрі жолдардағы апаттар мен өлімдерді едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.
«Ақмола жолдарындағы заңбұзушылықтарды тіркеу жүйесінде «КРИС-П» және «АВТОУРАГАН» кешендері орнатылды. Құрылғылар құқықбұзушылықтарды дербес тіркейді. Ақпаратты өшіру немесе «өзара келісу» мүмкін емес. Деректер тікелей процессинг орталығына жіберіледі. Бірнеше күн ішінде тәртіп бұзушы айыппұлды төлеуді сұрайтын хат алады»,- деді ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Талғат Кішкенов.
Полицейлер Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, жолдарда мұқият болуды сұрайды.