Елордада құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 600 контейнер орнатылды

Зиянды қалдықтарды арнайы компания контейнерлерден жинап, зауытта зарарсыздандырады

Елордада құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 600 контейнер орнатылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы төрт ауданға құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 600-ден астам контейнер орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада қала экологиясын жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Бұл тапсырманы ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің жолдауында қойды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда барлық аудандарда құрамында сынап бар шамдарды, термометрлер мен батареяларды жинауға арналған 600-ден астам контейнер орнатылды.

«Тұрғындар шамдарды сонда тастайды, біздің компания контейнерлерден жинап, зауытқа әкеліп, зарарсыздандырады», - дейді «НТП Kazecotech» ЖШС бас директоры Владимир Андреев.

1 қарашадағы жағдай бойынша 500-ден аса шам жиналған. Осылайша, 3 миллион 908 мың текше метр ауаның улы бумен ластануына жол берілмеді. Сонымен қатар контейнерлерге қызмет көрсету кезінде компания вандализм және басқа да бірқатар мәселелерге тап болған.

«Көбіне бұзақылар контейнерлерге зиян келтіреді, оның бөлшектерін - есігін, сөресін, қорабын және басқаларын ұрлап кетіп жатады. Мұның бәрі адамдар арасында түсінбеушілік туғызады. Осыған байланысты әкімдік хабарландырулар, оның ішінде +7 708 425 15 88 және 8 (7172) 25 15 88 телефон нөмірлері жазылған белгілер орнатуда», - деп түсіндірді Владимир Андреев.

Қоңырау түскен жағдайда келу және кемшіліктерді жою екі сағат ішінде жүзеге асырылады. Компания қызметкерлері, сонымен қатар, меншікке жауапкершілікпен қарауды талап етеді, өйткені бұл басқалармен қатар, барлық азаматтың өмір сүру сапасына әсер етеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.