29.10.2020, 14:34
Қоғам
Алдағы жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қатынамайды
Елордада өткен жексенбіде де дезинфекциялық жұмыстарға байланысты қоғамдық көліктер қатынаған жоқ
Фото: Батыржан Беспаев
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1 қарашада елордадағы қоғамдық көліктер қатынамайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның хабарлауынша, басқа күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі, 26 қазаннан бастап автобустар әдеттегі кесте бойынша қайта қатынайды.
Жолаушылардың автобусқа маскасыз кіруіне тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты