$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 15:52
Қоғам

Не үшін төрт өңірде ғана кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді?

ДСМ себебін түсіндірді

Не үшін төрт өңірде ғана кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді?
Көрнекі фото: vestitambov.ru

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті не үшін санаулы қалаларда ғана кинотеатрлардың ашылуына рұқсат етілгенін түсіндірді.

Қазақстан бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 23 қазандағы қаулысына сәйкес, 26 қазаннан бастап эпидемиологиялық ахуал тұрақты өңірлерде кинотеатрлардың ашылуына рұқсат етілген.

Рұқсат етілген жағдайда кинозалдардың сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы, міндетті түрде маска режимі сақталуы тиіс. Сондай-ақ көрермендерді шахмат үлгісінде орналастырып, әлеуметтік арақашықтық сақталады.

26 қазанда Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында кинотетрлардың ашылуына рұқсат етілді. 27 қазаннан бастап Алматы қаласындағы кинотеатрлар жұмыс істей бастайды.

Қалған өңірлердегі кинозалдардың жұмысы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Бұл мәселеге байланысты шешімді сол өңірлердегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#кино #кинотеатр