$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2020, 04:36
Қоғам

Астанада 4 жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің құбырлары жарылып кеткен

18 қабатты үй тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Астанада 4 жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің құбырлары жарылып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы 18 қабатты үй тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Осыдан 4 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген үйдің құбырлары әлден жарылып біткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Құбырдың жарылып, тұрғындардың әлекке түскеніне 1 айға жуықтаған. «Астана су арнасы» 2 аптада қайта жөндеп береміз деген олар енді тағы бір ай күтесіңдер дейтін көрінеді. Бұған тұрғындар ашулы.

«Астана су арнасы» пәтер иелері кооперативінен жертөлеге қатысты ешбір шағым түспегенін алға тарттты. Арызданған күннің өзінде, мекеме үй ауласындағы су жүйелеріндегі ақауға жауапты емес екен. Есесіне жер астындағы құбырдың жарылғанын өз мойындарына алып, оны 1 аптаның ішінде жөндеп береміз деп уәде берді. 

Серіктес жаңалықтары