$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2020, 10:53
Қоғам

Енді Қазақстанда салынып бітпеген үйден де ипотека рәсімдеуге болады

Бұрын құрылысы бітпеген үйлерден ипотека рәсімдеуге заңмен тыйым салынған болатын

Енді Қазақстанда салынып бітпеген үйден де ипотека рәсімдеуге болады
Фото: zakon.kz

Енді елде «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы аясына үлестік құрылыс арқылы баспана алуға мүмкіндік туды. Азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұрын құрылысы аяқталмаған үйлерден ипотека рәсімдеу заңмен тыйым салынған болатын. Ұлттық банк «Баспана Хит» бағдарламасының тұтынушыларына қазірден бастап жаңа шекті бағамен ипотека рәсімдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Баспана Хитті» іске асыру барысында азаматтардың өтініштері мен банктердің, құрылыс салушылардың және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары талданды. Соның негізінде Ұлттық банк 2020 жылғы қыркүйекте тұрғын үйдің тиімділігін арттыруға және бастапқы тұрғын үйге сұранысты көбейтуге бағытталған түзетулерді бекітті», делінген хабарламады.

Қаулы бойынша:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бастапқы нарықта сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы құнының лимитін 25 млн теңгеден 35 млн теңгеге дейін ұлғайту;
  • Бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнының лимитін Шымкент қаласында  25 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеге дейін ұлғайту;
  • Басқа аймақтар үшін 15 млн теңгеге дейін ұлғайту керек; 

Салынып бітпеген тұрғын үйді үлестік қатысу шеңберінде сатып алу мүмкіндігі «Тұрғын үй құрылысына үлестік  қатысу туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Қор салынып жатқан тұрғын үйге банктердің өтініш қабылдау мерзімін қосымша хабарлайды.

Бұл бастама тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдеріне өзгерістер енгізу мақсатында қолға алынған.

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мәлімделген экономиканың нақты секторларын кредиттеу қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, Ұлттық банк басқарманың «Тұрғын үй нарығында ұзақмерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдері» қаулысына өзгерістер енгізді. Негізгі міндет - экономиканы ұзақмерзімді банктік кредиттеуді кеңейту, тұрғын үй нарығында ұзақмерзімді кредиттеуді жандандыру, халықтың әртүрлі топтары үшін тұрғын үй ипотекасының тиімділігін арттыру», - делінген «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

«Баспана Хит» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша 388,1 млрд теңгеге 44 228 өтінім мақұлданды, оның ішінде 306,8 млрд теңге сомасына 35 769 қарыз берілді.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары