21.10.2020, 22:29
Қоғам
Өңірлерге 45 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді
Ауыл халқы енді қалаға немесе аудан орталығына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады
Елімізде алыс өңірлердің тұрғындарына қызмет етуге арналған100 жылжымалы медициналық кешен жеткізу жоспарланып отыр. Соның арқасында енді ауыл халқы қалаларға және аудан орталықтарына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады.
«Бүгінгі таңда «СарыарқаАвтоПром» Қостанай автомобиль зауыты 63 жылжымалы медициналық кешен жасап шығарды. Оның 45-і өңірлерге жөнелтіліп, 18 данасы жіберуге дайындалып жатыр. Қалған 37 кешен өндірісте. Оларды сынақтан өткізілген соң 2020 жылғы 22-23 қазанда жөнелту жоспарланып отыр», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады