ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

«Еріксіз жыладық»: археологтар көне Отырар қалашығын жаңа кірпішпен өріп жатқанын көріп шошыды

Мұнда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр

Археолог Эмма Усманова мен оның әріптестері көне Отырар қалашығында жүргізіліп жатқан реставрациялық жұмыстарды көріп, шошынғандарын айтып отыр. Ғалымдар ортағасырлық қыш тақтайшалардың орнына жаңа кірпіштерді қалау – тарихқа жасалған қиянат дейді.

Усманованың айтуынша, «құрылыс» қарқынды жүргізіліп жатқан жер даңқты билеуші Әмір Темірдің қайтыс болған жері болуы мүмкін.

«Бізбен бірге тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожа болды. Ол осынау көне қалашықтың қазба жұмыстарына қатысқан. Мұны көрген ол бозарып кетті, көзіне еріксіз жас алды. Отырар – ғасыр құрылысы. Біз түсінуіміз керек: туристік нысан мен тарихи нысанды біріктіруге болмайды. Нысан тарихи болмысын сақтап қалуы керек, ең маңыздысы осы», - деп жазды Эмма Усманова өзінің Facebook-парақшасында.

Ол Отырар қалашығының тендер құрбаны болып кетпейтініне әлі де үміттенетінін жасырған жоқ.