$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 17:32
Қоғам

Жексенбіден бастап Павлодар облысында карантин күшейтіледі

Бірқатар нысанның жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіледі

Жексенбіден бастап Павлодар облысында карантин күшейтіледі
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында өңірде карантин шараларын одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады.

18 қазан сағат 00-ден бастап күшіне енетін қаулыға сәйкес, бірқатар нысанның жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіледі.

Құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілетіні көрсетілген. Бұл ретте, нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік арақашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.

Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.

Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.

Серіктес жаңалықтары