$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 21:43
Қоғам

Карантинді күшейту: Нұр-Сұлтанда қандай нысандар жабылуы мүмкін

Елорда тұрғындары мен қонақтары маска тағу тәртібін қатаң сақтауы керек

Карантинді күшейту: Нұр-Сұлтанда қандай нысандар жабылуы мүмкін
Фото: Спутник

Елордада карантин шараларын қадағалау күшейтілуде. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңес барысында айтылды. Талаптарға сәйкес келмеген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жабылуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтында  хабарлады.

«Мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары және басқа кәсіпкерлік субъектілері мен ШОБ санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда, біз карантинді қайта енгізуге мәжбүр боламыз», – деп хабарлады әкімдік.

Мобильді топтар сауда және ойын-сауық орындарына күнделікті рейдті күшейтті. Елорда тұрғындары мен қонақтары маска тағу тәртібін қатаң сақтауы керек.

Айта кетейік, 5 шілдеден бастап карантин тәртібін бұзған елорда тұрғындары мен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 128 665 848 теңгеге 587 айыппұл салынды. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 12 809 358 теңге мөлшерінде 267 айыппұл, кәсіпкерлік субъектілеріне – 115 856 490 теңге мөлшерінде 320 айыппұл салынды.

Карантинді өрескел бұзушылар негізінен тыйым салынғанына қарамастан, өз қызметін жүзеге асырған  –  тамақтану орындары, азық-түлік дүкендері, түнгі клубтар иелері.

Ең өрескел бұзушылар – «Алуа» кафесі (Мұстафина к-сі, 38), Dorffman сыра клубы, «Текила» лаундж-бары (Жеке батыр к-сі, 49), сондай-ақ сұлулық салондары мен азық-түлік дүкендері.

«Сондай-ақ, 102 фармацевтикалық компанияның қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді сатқаны және дәрі-дәрмек бағасының шектеулерін бұзғаны үшін 29 фармацевтикалық компания жауапкершілікке тартылып, сотта айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 13 864 998 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта КВИ ауруларын тіркеу жалғасуда, тәулігіне 3-тен 20-ға дейін жаңа жағдай тіркелуде. Науқастар қатарында ересектермен қатар, балалар да бар.

Серіктес жаңалықтары